+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Тарихы

«Шинхан Банк Казахстан» АҚ — қаржы қызметтері нарығында ұсынылатын барлық негізгі банктік операцияларды жүзеге асыратын әмбебап банк. Банктің жалғыз акционері — әлемдегі ірі банктердің бірі, Оңтүстік Корея Республикасының Shinhan Bank (Сеул) банкі, ол өз кезегінде Корея Республикасының жетекші қаржы тобы Shinhan Financial Group құрамына кіреді.

Банк бүгінгі күні Shinhan Bank-тың (Сеул, Корея) Қазақстан Республикасындағы, сондай-ақ ТМД және посткеңестік кеңістік елдеріндегі бірінші және әзірге жалғыз өкілі болып табылады.

2008 жылғы 25 қаңтарда «Shinhan Bank» АҚ (Сеул, Корея Республикасы) еншілес банк — «Шинхан Банк Казахстан» АҚ ашуға №16 рұқсат алды. «Шинхан Банк Казахстан» АҚ — Қазақстан Республикасы аумағындағы алғашқы оңтүстік-кореялық банк.

2008 жылғы 28 қарашада «Шинхан Банк Казахстан» АҚ тіркелді (банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған №1.1.258 лицензия, 2008 жылғы 28 қараша), қазіргі уақытта банк Қазақстан Республикасы валютасында да, шетел валютасында да банктік операцияларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің №1.1.258 лицензиясы, 03.02.2020 жылғы.

«Шинхан Банк Казахстан» АҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады (2008 жылғы 11 желтоқсандағы №39 куәлік).

Акционер туралы ақпаратты мына сайттан таба аласыз: www.shinhanbank.com
Топ туралы ақпарат: www.shinhangroup.com