+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Ақша аударымдары

«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ жедел және сенімді ақша аударымдары қызметін пайдаланыңыз. Банктік аударымдар жүйесі — Қазақстан бойынша, сонымен қатар шетелге ақша жіберетіндер және алатындар үшін ең тиімді нұсқа.

Қол жетімді операциялар: ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар; интернет-банкинг бойынша ұлттық және шетелдік валютадағы аударымдар.

Қосымша ерекшелігі — Корея Республикасына ақша аударымдары 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ақша аударымдары тек ашылған есепшот жағдайында ғана мүмкін болады.

  • Резидент пайдасына теңгемен ақша аударымдары: қосымша құжаттар талап етілмейді
  • Резидент емес пайдасына теңгемен ақша аударымдары: ҚР валюталық заңдылығы талаптарына сәйкес
  • Резидент пайдасына шетелдік валютадағы аударымдар: ҚР валюталық заңдылығы талаптарына сәйкес

Құрметті клиенттер, бюджетке төлемдерді жүзеге асыру кезінде Банктің аудару механизмі дереу (төлем басталған кезден бастап 15 минут ішінде) жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.