Атыңызға алаяқтық кредит ресімделсе, не істеу керек?
2026 ж. 21 сәуір

ЖАДЫНАМА
«АТЫҢЫЗҒА АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТ РЕСІМДЕЛСЕ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК»
1. ДЕРЕУ БАНККЕ НЕМЕСЕ МҚҰ-ға (КРЕДИТОРҒА) ХАБАРЛАҢЫЗ
Кредиторға хабарласыңыз немесе жазыңыз. Талап етіңіз:
картаны, шотты және қосымшаға қолжетімділікті бұғаттауды;
жолданымыңыздың күні мен уақытын көрсетіп, тіркеуді.
Жазбаша жолданым бойынша - оны тіркеу туралы растауды сұратыңыз. Бұл кредитормен және мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін қажет.
2. БАРЛЫҚ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІ САҚТАҢЫЗ
Барлық ақпаратты дереу тіркеңіз - бұл полицияға жүгіну және сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін қажет. Мыналарды сақтаңыз:
сөйлесулер мен дауыстық хабарламалардың жазбаларын (бар болса);
СМС және растау кодтарын;
қоңыраулар мен хат алмасуларды (мессенджерлерді қоса алғанда);
кредиторды хабардар етуді;
шоттар бойынша үзінді-көшірмелер мен алушылардың деректемелерін.
Деректерді өзгертпей скриншоттар мен көшірмелерді пайдаланыңыз.
3. ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНІҢІЗ
eGov, e-Otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша аумақтық органға жеке өтініш беріңіз. Өтініш міндетті тіркелуге тиіс, содан кейін сотқа дейінгі тергеу басталады.
Өтініште мыналарды көрсетіңіз:
кредиттің күні мен сомасы, кредитордың атауы;
ресімдеу мән-жайлары;
алаяқтыққа қатысы бар адамдардың белгілі байланыстары;
қолда бар материалдар (скриншоттар, үзінді-көшірмелер, хат жазысулар және т.б.).
4. ПОЛИЦИЯҒА ЖҮГІНУ НЕ БЕРЕДІ?
Негізгі кезең – жәбірленуші деп тану туралы қаулыны не полицияның ұсынысын алу. Полиция кредитті ресімдеу мән-жайларын белгілейді, дербес деректерді пайдалану фактілерін тексереді.
Алынған қаулымен кредиторға хабарласу қажет. Көрсетілген құжаттың негізінде кредитор күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей берешекті өндіріп алуды тоқтатады.
Егер кредит коллекторларға берілсе - оларға қылмыстық іс бар екендігі туралы хабарлаңыз. Кредитордың әрекетсіздігі жағдайында е-Otinish арқылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) хабарласыңыз.
5. АЛАЯҚТЫҚ КРЕДИТТІ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУҒА БОЛА МА?
Түсіну маңызды: алаяқтық фактісі қарызды автоматты түрде есептен шығаруды білдірмейді. Есептен шығару, егер бір уақытта алаяқтық фактісі және кредит беру кезінде кредитор тарапынан бұзушылықтар анықталған жағдайда ғана мүмкін болады.
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
Полиция: eGov.kz, eOtinish немесе тұрғылықты жері бойынша (фронт-офис: +7 7172 71 46 93)
ҚНРДА: e-Otinish.kz порталы (call-орталық: +7 727 237 10 00)
Прокуратура: e-Otinish.kz порталы (call-орталық: 115)