Еуропалық қайта құру және даму банкі «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-мен күш біріктірді
2024 ж. 29 ақпан

2024 жылғы 16 ақпанда Еуропалық қайта құру және даму банкі «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-мен күш біріктіріп, RSF (Тәуекелді бөлісу шеңбері) негіздемелік келісіміне қол қойды, оның аясында серіктес банктер қажетті қаражатты береді және жергілікті кәсіпорындар үшін жаңа өсу мүмкіндіктерін жасайды.

Келісімге «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрағасы Чжо Ёнг Ын мырза және Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша Басқарушы директоры Жужанна Харгитай ханым қол қойды.

2024 жылғы 19 ақпанда RSF келісімі аясында «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ Басқарма мүшесі Виталий Ким мен «ҚІЫО Атакент» АҚ Президенті Дженбаев Азат Рустамович арасында несие желісін ашу туралы келісімге қол қойылды. Келісімнің мақсаты – жаңа заманауи «Дельфин» фитнес-сауықтыру кешенін салу.
