+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Шинхан Банк Қазақстан «Экологиялық көлікті қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктес» номинациясы бойынша марапатқа ие болды

2023 ж. 14 сәуір

27 наурызда Алматыда Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) GEFF Kazakhstan II жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасының екінші кезеңі басталғанын хабарлады. Бағдарлама энергия және ресурс үнемдейтін технологиялардың көмегімен тұрғын үй мен бизнесті жаңғыртуға бағытталған. Бұл бағдарлама аясында ЕҚДБ жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін қаржы институттарына $150 млн береді. Сондай-ақ қаржыландыру жасыл технологияларды жеткізушілер мен өндірушілерге де беріледі.

Бағдарламаның іске қосылуына арналған шараға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері, бизнес пен үй шаруашылығы өкілдері қатысты.

Шара аясында «Жасыл серпіліс: жасыл экономикаға көшу Қазақстанның қаржы секторын қалай өзгертуде» тақырыбында панельдік пікірталас өтті. Қатысушылар GEFF бағдарламасы арқылы қаржы секторына ұсынылатын қиындықтар мен мүмкіндіктерді талқылады.

Іс-шараның қорытынды бөлігі серіктестерді марапаттау рәсімі болды, онда «Экологиялық көлікті қаржыландыру бойынша үздік қаржылық серіктес» номинациясы бойынша Шинхан Банк Қазақстан марапатталды.

Шинхан Банк Қазақстан 2021 жылдан бастап GEFF бағдарламасының қаржылық серіктестерінің бірі болып табылады және жеке тұлғаларға да, ірі сегментке де бағытталған банктік қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Жасыл қаржыландыру — Шинхан Банк Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі. Республикамызда жасыл қаржыландырудың маңыздылығы бұрынғыдан да өзекті: ластануды азайту және электр энергиясын үнемдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін өнеркәсіптер мен жеке үй шаруашылықтарын энергия үнемдейтін жабдықтармен кешенді жаңғырту қажет.