Халықаралық санкцияларды бақылау және сақтау
2022 ж. 29 желтоқсан

Құрметті клиенттер мен серіктестер!
Қазіргі таңда бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Ресейге, ресейлік компаниялар мен азаматтарға, оның ішінде Ресейден тыс жерде орналасқан ресейлік активтер мен компанияларға қарсы санкциялар қолданғаны баршаңызға мәлім. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында орналасқан ресейлік банктердің кейбір еншілес ұйымдары санкцияланған тұлғалардың тізіміне енді.
«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Банк) қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату, терроризмді қаржыландыру және санкцияларды сақтау тәуекелдерін басқару саясаты, өзге де шаралармен қатар, халықаралық санкцияларды бақылау және сақтау бойынша шараларды көздейді.
Банк халықаралық санкцияларды бақылауды және сақтауды мынадай мақсаттарда жүзеге асырады:
банк-корреспонденттердің клиенттер мен олардың контрагенттерінің қаражатын бұғаттау (тоқтату) тәуекелінің алдын алу;
өз клиенттеріне қызмет көрсету үшін банк-корреспонденттермен корреспонденттік қатынастарды сақтау;
Банктің беделіне қатысты тәуекелдердің алдын алу.
Осыған байланысты Банк ресейлік банктермен және олардың қазақстандық еншілес ұйымдарымен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруға бірқатар шектеулер қабылдады.
Қосымша ақпарат пен қажетті кеңесті клиенттерге қызмет көрсету менеджерінен ала аласыз.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ең алдымен өз клиенттеріміздің мүдделерін қорғауға бағытталған, Банк қабылдаған шараларға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.
Құрметпен, Шинхан Банк Қазақстан!