+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Хабарландыру ISO 20022

2025 ж. 9 қаңтар

Құрметті клиент!

2025 жылғы 13 қаңтардан бастап «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ, Қазақстан Республикасындағы басқа банктер сияқты, ұлттық валютадағы ISO 20022 халықаралық төлемдер стандартына көшеді. 2025 жылғы 10 қаңтар күні төлемдер сағат 17:00-ге дейін ғана қабылданатынын ескертеміз.

2025 жылғы 10 қаңтардан бастап төлем жүйесіндегі операциялық күн жабылғаннан кейін банк MT форматындағы төлемдерді қабылдамайды. Осыған байланысты 10 қаңтар 17:00-ден 13 қаңтар 9:00-ге дейін Интернет банкинг арқылы барлық төлемдер мен аударымдар қолжетімсіз болады.

2025 жылғы 10 қаңтар 17:00-ден бастап Интернет банкинг жүйесінде келесі функциялар қолжетімді болмайды:

  • Операциялар → Ұлттық валютадағы аударым;

  • Операциялар → Жиынтық төлем (MT102).

Басқа операциялар әдеттегідей жұмыс істей береді.

Құрметпен, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ