Хабарландыру
2025 ж. 1 шілде

Құрметті клиенттер!
Сақ болыңыз және қаскөйлердің айла-амалдарына түспеңіз.
Үшінші тұлғалармен сөйлескенде қырағы және абай болуыңызды сұраймыз:
Қоңырау шалушы өзін қызметкермін деп таныстырса да, SMS-тің растау кодтарын ешкімге айтпаңыз;
Телефон арқылы ЖСН немесе басқа жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеңіз;
Әсіресе бір мекеменің «өкілімен» сөйлесіп жатсаңыз, SMS хабарламаларындағы сілтемелерді баспаңыз;
Әңгімені үзіп, мекеменің ресми нөміріне қайтадан қоңырау шалыңыз.
Біз Сізге жеке деректеріңіздің таралып кетуін тексеруіңізді ұсынамыз, ол үшін eGov Mobile арқылы Nomad Guard (eGov Mobile – Басқа сервистер – Nomad Guard) сервисіне өтуіңізді сұраймыз. Бұл сервис арқылы жеке деректеріңіздің қандай сайттан немесе қандай компаниядан таралып кеткендігі туралы мәліметті біле аласыз.
Алаяқтардан сақ болыңыздар.
Қамқорлықпен, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ.