Хабарландыру
2025 ж. 17 қаңтар

Құрметті клиенттер!
Қазіргі уақытта Интернет-банкинг жүйесі арқылы төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру үшін MT форматындағы төлем хабарламаларын жүктеу мүмкін емес. 2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстанның ISO 20022 стандартына көшуіне байланысты «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ төлемдер мен аударымдарды тек MX форматында (ISO 20022) қабылдайды.
1С жүйесінде «ISO 20022 пішімінің өрістерін қосу» опциясын пайдаланған кезде ескі MT файлдарында болмаған ISO 20022 стандартына сәйкес қосымша өрістер ғана қосылатынын ескеріңіз. Дегенмен, 1С жүйесіндегі бұл параметр файлдарды жаңа MX пішіміне (PAIN.001) түрлендірмейді.
Интернет-банкингке файлдарды дұрыс жүктеп салу үшін ISO 20022 стандартына толық сәйкес MX форматында (PAIN.001) жүктеп шығару қажет. MX форматында дұрыс файлдарды дайындау және 1С-ті дұрыс баптау клиент компаниясының әзірлеушілерімен орындалуы тиіс.
Толығырақ нұсқаулық пен клиенттік файлдардың мысалдары Ұлттық төлем корпорациясының ресми сайтында орналасқан (kisc.kz/technologies-iso/).
Құрметпен, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ