Коронавируспен күресу үшін гуманитарлық көмек
2020 ж. 7 мамыр

Shinhan Bank гуманитарлық көмек шеңберінде коронавирустық инфекциямен күресу үшін Алматы қаласының әлеуметтік даму басқармасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментіне құны 20 000 доллар тұратын 500 бірлік жеке қорғаныс құралын сыйға тартты.
«Біз кореялық серіктестерімізбен бірге қалада ең жақсы ПТР жабдығы бар зертхана аштық. Бұл зертхананың қаладағы COVID-19 диагностикасына қосқан үлесі өте зор. Медицина қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуде көрсеткен өтеусіз көмегі үшін кореялық серіктестерге алғыс білдіргім келеді. Біз қазір қалалық ЖИТС орталығына COVID-19-ды анықтауға арналған тесттер тапсырдық», — деді Бекшин.
Сыртқы істер министрлігі Кореядағы Қазақстан елшілігі арқылы корей компаниялары консорциумының гуманитарлық көмегін ұйымдастырды. Бұл консорциум үш компаниядан тұрады — SK Engineering & Construction, «Рахат» АҚ/LOTTE және JSC Shinhan Bank Kazakhstan.
Толығырақ: inform.kz