ҚР төлем жүйесінің ISO 20022 стандарттарына көшуі
2024 ж. 7 қараша

1. Кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға ISO 20022 туралы не білу керек?
2024 жылғы 25 қарашадан бастап Қазақстанда қаржы ұйымдары арасында хабарлама алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандарты қолданылады. Бұл стандарт Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен реттеліп, коммерциялық банктер тарапынан қолданылады.
2. ISO 20022 дегеніміз не?
ISO 20022 — бұл банктер мен қаржы мекемелері арасындағы деректер алмасуға арналған халықаралық стандарт. Ол қаржылық операцияларды жүргізу барысында пайдаланылатын хабарламалардың форматтары мен ережелерін анықтайды.
3. ISO 20022 кімге арналған?
ISO 20022 қаржы нарығы қатысушыларының кең шеңберіне, оның ішінде банктерге, корпорацияларға, төлем қызметтерінің жеткізушілеріне, реттеушілерге және басқа да қаржы мекемелеріне пайдалы.