+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Кредитті өтеуде қиындық көрген азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу тәртібі

2023 ж. 27 ақпан

Қарыз алушы міндеттемелерді орындау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде табыстардың төмендеу себебін міндетті түрде көрсете отырып және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, шарт талаптарын өзгерту туралы жазбаша өтінішпен банкке жүгінуге құқылы. Шарттың талаптарын өзгертуге, оның ішінде:

  1. банктік қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;

  2. шетел валютасымен берілген банктік қарыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасының валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;

  3. негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыруға;

  4. берешекті өтеу әдісінің немесе кезектілігінің өзгеруіне, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтеуге;

  5. банктік қарыз мерзімінің өзгеруіне;

  6. мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялар мен өзге де төлемдердің күшін жоюға;

  7. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңының 20-1-бабында көзделген тәртіппен ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес өткізуіне;

  8. банкке (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға) кепіл мүлкін беру жолымен банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың орнына бас тарту (отступное) ұсынуға;

  9. банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті өткізуге байланысты өзгертуге құқылы.

Банк 15 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыны мыналар туралы тиісті түрде хабардар етеді:

  1. шарт талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісетіні;

  2. шарт талаптарын өзгерту жөніндегі өз ұсыныстары;

  3. мұндай бас тартудың дәлелді негіздемесін көрсете отырып, шарт талаптарын өзгертуден бас тартуы.

Қарыз алушы шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы негізгі жағдайлар:

  1. қарыз алушыны жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеу;

  2. қарыз алушының әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі (ХӘОТ-қа жатқызу), сол сияқты бірге тұратын жақын туысының немесе жұбайының орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер еткен ХӘОТ мәртебесін алуы;

  3. қарыз алушының ауруына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам);

  4. қарыз алушының бала күтімі бойынша демалысқа шығуы;

  5. қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыру;

  6. қарыз алушының жақын туыстарының немесе жұбайының науқастануына (әлеуметтік мәні бар аурулар) не қайтыс болуына байланысты отбасылық мән-жайлар;

  7. қарыз алушыға материалдық зиян келтірген жағдайлар (ұрлық, өрт және т.б.). Қарыз алушы ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат беруге және кірістерінің төмендеуін не жоқтығын құжатпен растауға тиіс.

Банкке жүгіну тәсілдері:

  1. пошта немесе электрондық пошта арқылы жазбаша өтініш;

  2. телефон арқылы немесе клиент банкке тікелей келгенде ауызша жүгіну.

Жауапты бөлімшелер

Қоңырауларды өңдеу бөлімі: +7 (727) 356-96-60, ұялы телефоннан 2468

Мониторинг және талдау бөлімі: +7 (727) 356-96-68, +7 (727) 356-96-64

Клиенттерді тарту бөлімі: +7 (727) 356-96-44, +7 (727) 356-96-76, +7 (727) 356-96-05

E-mail: infokz@shinhan.com