Мобильді құрылғыңызды алаяқтардың қашықтан қол жеткізуінен қалай қорғауға болады
2023 ж. 29 қараша

Мобильді құрылғыны бұзу немесе жоғалту елеулі проблемаларға әкелуі мүмкін. Бейтаныс адамдар сіздің банктік шоттарыңызға, аккаунттарыңызға, жеке ақпаратыңызға, медициналық деректеріңізге қол жеткізе алады, отбасыңыз бен достарыңызға хабарламалар жібере алады, тіпті деректерді шифрлай немесе жоя алады.
Қолданбаға негізделген мобильді қауіптер
Қолданбалар көбінесе мобильді құрылғының осалдықтарының негізі болып табылады. Бұл шабуылдар пайдаланушылар зиянды қолданбаларды жүктеп алған кезде немесе қолданбаларға құрылғы деректеріне кіруге қауіпсіздігін ойламай рұқсат бергенде орын алуы мүмкін.
Мобильді құрылғыға қашықтан кіруді қалай болдырмауға болады
Бейтаныс адамдардың сұрауымен бағдарламаларды жүктеп алмаңыз.
Құрылғыңызға қолданба орнатуды сұрайтын бейтаныс нөмірден қоңырау келді ме? Сірә, сізге алаяқтар қоңырау шалып жатыр.
Қоңырау кезінде жіберілетін сілтемелерді баспаңыз және AnyDesk, TeamViewer сияқты экранды ортақ пайдалануға арналған қолданбаларды орнатпаңыз.
Мұндай қолданбалар орнатылса, алаяқ сіздің Android және iOS мобильді құрылғыңызға кез келген құрылғыдан (компьютер, смартфон, планшет) қол жеткізе алады, ал Android-та қашықтан басқара да алады. Осылайша алаяқтар сіздің ақшаңызды аударып немесе атыңызға несие ресімдей алады.
Android құрылғыларында антивирустық бағдарлама зиянды бағдарламаны бейтараптандырып, шпиондық бағдарламаның орнатылуын болдырмайды. Android құрылғылары Google Play Protect жүйесімен жеткізіледі, ол қолданбаларды жүктеп алмас бұрын олардың қауіпсіздігін тексереді.
Мобильді қауіпсіздікті бірінші орынға қойыңыз — бұл көп уақыт алмайды! Осы қарапайым кеңестерді орындасаңыз, мобильді құрылғыңыз бен деректеріңіз қауіпсіз болады.