Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шартының жалпы талаптары
2025 ж. 29 сәуір

Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Банк) Банк Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 29 сәуірде «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету шартының жалпы талаптарын (бұдан әрі – Жалпы талаптар) бекіткені туралы хабарлаймыз, олар 2025 жылғы 16 мамырда күшіне енеді.
Жалпы талаптар осы Жалпы талаптар бекітілген күнгі жағдай бойынша Банк пен жеке тұлға – Клиенттер арасында бұрын жасалған барлық шарттарды, келісімдерді және өзге де мәмілелерді ауыстырады.
Жалпы талаптар – қосылу шарты, оның талаптары барлық Клиенттер үшін бірдей және Клиент оны Банк белгілеген нысандағы тиісті Өтініштер негізінде осы Шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алады. Олар банк өнімдері мен қызметтерін ұсыну тәртібін, Банк пен Клиент арасындағы құқықтық қатынастардың құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін және өзге де ерекшеліктерін реттейді.
Жалпы талаптардың мәтімен:
Банктің корпоративтік интернет-ресурсында shinhan.kz;
Банктің интернет-банкинг беттерінде;
Клиенттерге қызмет көрсету кеңселерінде таныса аласыз.
Жалпы талаптардың ережелерімен келіспеген жағдайда Клиент осы Жалпы талаптар Банктің корпоративтік интернет-ресурсында www.shinhan.kz орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұрын жасалған шарттарды, келісімдерді және өзге де мәмілелерді бұзуды талап етуге құқылы.
Құрметпен, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ