+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Банктің төлем карталарынан ҚР басқа екінші деңгейлі банктерінің төлем карталарына ақша аудару кезіндегі техникалық ақаулар

2024 ж. 27 қыркүйек

Құрметті клиенттер,

Осымен «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Банк) қазіргі уақытта Банктің төлем карталарынан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі басқа банктерінің төлем карталарына ақша аудару кезінде техникалық ақаулар бар екенін хабарлайды.

Бұл ақаулар Visa халықаралық төлем жүйесінің Visa 3DS 2.1 стандарты нұсқасынан Visa 3DS 2.2 стандарты нұсқасына жаһандық көшуімен және оның 2024 жылғы 26 қыркүйектен бастап өшірілуімен байланысты.

Банк бұл техникалық ақауларды мүмкіндігінше тезірек жоюға тырысуда.

Құрметпен, Сіздің «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ