+7 (727) 356-96-00
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ

Жүйені жоспарлы жаңарту туралы хабарлама

2026 ж. 20 сәуір

Құрметті клиенттер!

Сіздерге 2026 жылғы 16 мамырда (сенбі) сағат 00:00-ден 22:00-ге дейін (Алматы қаласының уақыты бойынша) «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ интернет-банкинг жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Келесі қызметтер уақытша қолжетімсіз болады:
• интернет-банкинг (барлық операциялар: аударымдар, төлемдер және басқа да операциялар);
• төлем карталары бойынша барлық операциялар: төлемдер, қолма-қол ақша шешу және төлем карталарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өзге де операциялар.
Қолайсыздықтарды болдырмау үшін қажетті банктік операцияларды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!