Жұмыс кестесі: 09:00 - 18:00
Кассалық операциялар: 09:00 - 17:00
Сенбі, жексенбі - жабық
Вакансия
Клиентке қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы
Алматы | Толық жұмыс күні | Кеңседе жұмыс
Міндеттері:
- уәкілетті органдардан (қағаз және электронды түрде) келіп түсетін аресттер мен инкассо өкімдерін қабылдау, тіркеу және өңдеу;
- банкке келіп түскен құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру;
- аресттер мен инкассо өкімдерін клиент шотындағы қалдық шегінде, белгіленген мерзімдерге сәйкес орындауды қамтамасыз ету;
- уәкілетті органдарға жауаптар дайындау және жолдау;
- арест салынған шоттарды жүргізу және мониторинг жасау.
Талаптар:
- MS Excel және MS Word бағдарламаларын жоғары деңгейде меңгеру;
- жоғары білім;
- стандартты емес жағдайларда жедел шешім қабылдай білу қабілеті

Корпоративті маркетинг бөлімінің бас маманы
Алматы | Толық жұмыс күні | Офистегі жұмыс
Міндеттері:
- заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен кредиттік қабілеттілігін тексеру және талдау;
- кредиттеу шарттары бойынша кәсіби кеңес беру: клиентке барлық шарттарды, тәуекелдерді және міндеттемелерді түсіндіру;
- кредиттік өтінімдерді ресімдеу: өтініштерді толтыру және өңдеу, құжаттардың/ақпараттың толықтығы мен дұрыстығын тексеру, ішкі банктік жүйелермен жұмыс;
- өтінім бойынша қорытындылар мен ұсынымдар дайындау, құжаттарды Банк бөлімдеріне келісу және жолдау;
- құжаттармен және шарттармен жұмыс: кредит шарттарын, төлем кестелерін және өзге де заңды маңызды құжаттарды рәсімдеу, барлық қолтаңбалар мен мөрлердің болуын бақылау;
- кредит шарттарын сүйемелдеу: клиенттің өз міндеттемелерін орындауын бақылау, төлем кестелерін қайта есептеу, қайта құрылымдау.
Талаптар:
- жоғары экономикалық/қаржылық білім;
- осыған ұқсас лауазымда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі;
- клиент құжаттарын жинау және талдау дағдысы;
- ішкі рәсімдер мен регламенттерді сақтау.

Несие талдау бөлімінің жетекші маманы
Алматы | Толық жұмыс күні | Офистегі жұмыс
Міндеттері:
- қаржыландыру жобаларын қарастыру (жеке тұлғалар, ЖК және заңды тұлғалар), оның ішінде:
- Ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сәйкестігін тексеру;
- Жобаларды талдау және қорытынды, ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау;
- Басқа бөлімдермен өзара әрекеттесу, шешім қабылдағанға дейін қаржыландыру шарттарын келісу;
- атқарылған қызмет бойынша есептер дайындау;
- уәкілетті органның сұраныстарына жауап дайындауға қатысу.
Талаптар:
- жоғары білім (экономика/қаржы, бухгалтерлік есеп немесе математика саласында);
- компьютерде сенімді жұмыс істей білу (MS Excel, MS Word);
- сертификаттардың болуы артықшылық болып саналады;
- аналитикалық ойлау қабілеті, объективтілік, жауапкершілік, ұқыптылық, проактивтілік, командада жұмыс істей білу.

Біз ұсынамыз:
- Медициналық сақтандыру (+1 отбасы мүшесі);
- Фитнес клубқа жартылай төлем;
- Ұзартылған ақылы демалыс — жылына 24 жұмыс күні;
- Әлеуметтік демалыстар мен төлемдер;
- Белгіленген маршруттар бойынша қызметтік көлік;
- Дамыған корпоративтік мәдениеті бар халықаралық қаржы ұйымында жұмыс.
© "Шинхан Банк Қазақстан" АҚ. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 03.02.2020 ж. берілген №1.1.258 Лизензиясы. Барлық құқықтар сақталған., 2025