Сақ болыңыз және қаскөйлердің айла-амалдарына түспеңіз.
Үшінші тұлғалармен сөйлескенде қырағы және абай болуыңызды сұраймыз.
Қоңырау шалушы өзін қызметкермін деп таныстырса да, SMS-тің растау кодтарын ешкімге айтпаңыз;
Телефон арқылы ЖСН немесе басқа жеке мәліметтеріңізді ешкімге бермеңіз;
Әсіресе бір мекеменің «өкілімен» сөйлесіп жатсаңыз, SMS хабарламаларындағы сілтемелерді баспаңыз;
Әңгімен үзіп, мекеменің ресми нөміріне қайтадан қоңырау шалыңыз.
Біз Сізге жеке деректеріңіздің таралып кетуін тексеруіңізді ұсынамыз, ол үшін eGov Mobile арқылы Сізге Nomad Guard (eGov Mobile – Басқа сервистер - Nomad Guard) сервисіне өтуіңізді сұраймыз. Бұл сервис арқылы өзіңіздің жеке деректеріңіздің қандай сайттан немесе қандай компаниядан таралып кеткендігі туралы мәліметті біле аласыз.